• 26 февраля, 2026 5:21 пп

ӨНДІРІС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Фев 26, 2026

 

🔹Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалициясының Қазығұрт ауданындағы өңірлік өкілдері Есімхан Исақұлов, Сейдулла Сеңгірбаев және Тайбек Қалымбетовтың қатысуымен Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС аумағында кездесу өтті. Іс-шараға өндіріс саласының өкілдері, кәсіпкерлер, еңбек ұжымдарының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасындағы құқық қорғау жүйесін жетілдіру, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру бағыттары кеңінен сөз болды. Коалиция мүшелері жаңа заң жобасында әділдік қағидатын күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және адал еңбекке лайықты жағдай жасау мәселелері басымдыққа ие екенін атап өтті.

🔹Жиында өндіріс саласының дамуы ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі екені айтылып, жаңа Конституция жобасы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және жұмыс орындарын көбейтуге мүмкіндік беретін тетіктерді қамтитыны түсіндірілді. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер мен жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелері де назардан тыс қалмады.

«Еңбек адамы ел экономикасының қозғаушы күші. Жаңа Конституция жобасында олардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік жағдайын жақсарту және адал еңбектің бағалануы айқын көрініс тапқан. Әсіресе, әділ бәсекелестік қағидатын нығайту кәсіпкерліктің дамуына жол ашады. Заң үстемдігі орныққан жерде ғана өндіріс те, кәсіп те өркендейді. Сондықтан бұл өзгерістердің маңызы зор деп есептеймін», – деді Сейдулла Сеңгірбаев кездесуде.

🔹Мазмұнды іс-шарада сала мамандары да сұрақтарын қойып, өзіндік ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Көкейтесті сауалдарға коалиция мүшелері жауап берді.

#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз

Автор: admin