• 18 мая, 2024 10:46 пп

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАУЫС БЕРУ МАҢЫЗДЫ

Автор:admin

Ноя 10, 2022

2022 жылдың 20 қарашасында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Саяси науқанның нәтижесінде жүйені жаңғыртып, жаңа міндеттерді мейлінше жүзеге асыруға үлкен жол ашылады. Президенттік мандат мерзімін 7 жылға дейін шектеу, Қазақстандағы демократияның нағыз көрінісі.

Азаматтық белсенділікті дамыту — заман талабымен уақыт үдерісінен туындап отырған қажеттілік. Қазақстандықтар егемен еліміздің жарқын болашағына мол үміт артып, нық сеніммен қарайды. Сол себепті де Жаңа және Әділетті Қазақстанды құру үшін сайлауға қатысуға атсалысайық.

Саяси науқанға бейжай қарамай, өз дауысымыздың маңыздылығын ескеріп, бір кісідей қатысайық! Сіздің, оның және менің дауысым тек Президентті таңдамайды, ол Қазақстанның жаңаруы алдындағы бастамаға үлес қосатын үн болмақ. Мен сіздерді сайлауға қатысуға шақырамын. Әркімнің дауысы маңызды!

М.МАМБЕТОВ,
Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты

Автор: admin