• 23.08.2026 10:48

«ҰЛТТЫҚ ҰЛАН» САРБАЗДАРЫ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Автор:jsk.kz

Авг 23, 2026

 

Таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру процесі басталды.

Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүрген «Ұлттық ұлан» сарбаздары да таң сәріден белсенділік танытып, азаматтық таңдауын жасады.

Әйтеке би атындағы мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барған 200-ге жуық жас сарбаз өз дауысын берді.

Ел болашағы мен қоғамдық тұрақтылық үшін маңызды саяси науқанға жас сарбаздардың белсенді қатысуы – олардың азаматтық жауапкершілігі мен ел тағдырына деген бейжай еместігінің айқын көрінісі.

Автор: jsk.kz