• Пн. Май 23rd, 2022

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЛТ-ДӘСТҮР ОТАНШЫЛДЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Автор:admin

Фев 4, 2022
Spread the love

Жуырда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі онлайн режимде өтті. Съезде партия Төрағасы сайланды, партия Жарғысына және Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.
Бұл Съезді мен ғана емес барлық партия мүшелері асыға күтті. Қаңтар оқиғасынан кейінгі үлкен саяси жиынды көпшіліктің күтуі заңдылық. Партияның Жарғысына сәйкес Съезде еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен «Nur Otan» партиясының жаңа Төрағасы болып Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Съезде сөйлеген сөзінде Елбасының есімін тәуелсіздікпен байланыстыра келіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңдегі Елбасының елді өркендету үшін сіңірген еңбектеріне тоқталды. Әрине Кеңес Одағынан тараған елдердің ішінде Қазақстанның да көркейіп кетуіне күмәні болғандары анық. Бұл мәселе жөнінде әрқилы пікірлердің болғаны рас. Бірақ, Елбасының ең алғашқы елді сілкіндіруі Семей ядролық полигонын жабылуы еді. Бұл өткір шешім Тәуелсіздіктің алғашқы дәуірлік шешімінің бастамасы ғана болатын. Осыдан бастап Қазақстан жайлы жағымды қоғамдық пікір қалыптаса бастады. Төл теңгеміз пайда болып қаржылық тәуелсіздіктен құтылдық. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде Астананың Сарыарқа төріне көшуінің үлкен геосаяси мағынасы барына акцент жасады. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев баяндамасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде тарихтағы орнын атап айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Сингапурда төрт жыл қызмет еткенін айта келе қателіксіз адам болмайды «Сингапурское чудо» деп әлем қызыққанымен ол тұста да өзіне тән ерекшеліктер барын жасырмай айтты. Шынында да белгілі бір уақыт белгілі бір тарих. Тарихты адамдар жасайды. Оны басқаратын адам кеменің капитаны сияқты міндетті түрде ел есінде жақсы жағымен де, жетістігімен де, кемшілігімен де есте қалары сөзсіз. Тарихты ешкім өшіре алмасы сөзсіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы табысқа жету үшін ауызбіршіліктің қажеттігіне басымдық берді.
Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының отырысынан, көзқарасынан әрбір сөйлеген сөзінен іріліктің, кеңдіктің, болжампаздықтың
бағалауға деген әділдікті, үлкен мәдениеттің шоғын
болдым. Қасым-Жомарт Кемелұлы қаңтар оқиғасына
баға берді. Бұл қайғылы оқиға елдігімізге, мемлекетімізге
сағат болды. Мемлекеттің, барша қоғамның санаттарының табандылығы, отаншылдығы, мәдениетіміз таразыға түсті.
Митингіге шығып бүлікшілерге апыр-топыр еріп кеткен «тобыр психологиясына» ілескен жиырманың ол жақ бұл жағындағы жас жігіттер тәуелсіздіктің қалай келгенін, бабаларымыздың ғасырлар бойы арқалаған армандары, күйзелген күйініштерінің жеңісі мен жемісі екенін қайдан білсін. Сол жас жігіттер әжелерінің аналарының ала сөмке арқалап ақ қар көк мұзда көшеде аяқтарынан су өтіп керек десеңіз жан бағу үшін үйіндегі бар жарарын айырбас жасап осы жарық күнге жеткенін білмес болар. Білсе ермес еді, бармас еді, аяғын аттап баспас еді. Өкінішті. Экономика экономика алдымен экономика деп идеологияны уыстан шығарып алуға шақ қалыппыз. Оған дәлел кешегі қаңтар оқиғасы. Рухани құндылықтарымызды материалдық құндылықтарға айырбасталуға жақындап-ақ қалыппыз. «Рухани жаңғыру» деп тек мәдени ескерткіштерді түгендеумен ғана шектеліп қалдық па? Тал бесіктен жер бесікке дейінгі қазақи этнотәрбиені қолға алмасақ болмайтынына көзіміз анық жетті. Кеше митингіге шыққандар ата-анасынан ақыл сұрады дейсіз бе айтқан да жоқ өзім білемнің кері. Бала біреуден аяқ тартып ақылына тұру қазақтың отбасылық қағидасы. Отбасы құндылықтары салт-дәстүріміз ешқашан қателікке алып бармаған. Біздің қазақ халқы тумасында жуас қанында сенгіштік басым. Жүрегі таза халық. Сондықтан да санамызбен саралайық. Елде әлеуметтік талаптардың бар екені ешкімге жасырын емес. Мен өз басым Кентау қаласында бейбіт митингіге шыққандарға басу айтуға бардым. Түннің бір уағына дейін уәжге келуге тырыстық.  Қасымда Кентау қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды. Нәтижесінде жиналғандар үйді үйіне тарады. Сананы тарылтпай кеңірек ойланатын кез туды, еліміздің қабырғасын сөгуге құштарлар бар екені белгілі болды. Қазақ жерінің байлығы бабалар аманаты өз ұрпағына ғана бүйыруы тиіс. Қысқасы қаңтар оқиғасы жеңгенге де, жеңілгенге де, ергенге де ауыр сабақ болды. Еңбекті көргендей үлкен мән үлкен сын. Елдің дамуына кедергі келтіретін парақорлық, сыбайлас жемқорлық сияқты індеттен арылудың жолы санада төзбеушілікті қалыптастыру аса маңызды. Бізде бағдарламалар қабылданады, іс- шаралар жоспары жасалады алайда нәтижесінің тиімділігіне талдау жасалғанын бірең сараң ғана байқаймын. Экономикада болжам деген термин бар. Менің ойымша көп жоспар болжамның айналасынан асып жығыла алмайды. Мықты аналитиктер аз. Барлық үздік шешімдер талдаудың нәтижесін зерттей келе пайда болатыны қашаннан белгілі дүние.
Қасым-Жомарт Кемелұлы баяндамасында барлық саланы жаңғырту, оның ішінде азаматтық қоғам институттарымен жұмысты жандандыру. «Nur Otan» партиясы мемлекетшілдер партиясы болу керегін, идеологиялық, кадрлық жұмысты жолға қоюдың тетіктерін, қоғамдық қабылдау арқылы халықпен кері байланыстың қажеттігі. Партия жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысының нақтылығы тікелей эфирлер өткізе отырып проблемаларды шешуге атсалысуына байланысты деді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының орындалуын іс жүзінде қалай орындалып жатқанын зерделеп тексеру қажет деп нақтылады. Сонымен қатар партияның құрылымдық жүйесінің тиімділігіне депутаттық сауалдардың өзекті мәселелерді шешуде бастамашы болуы ас маңызды, депутаттық рейтингтік ашық болуы тиімді деп атап көрсетті. «Жас Отанның» жұмысын жандандыру, елде белең алған жастар жұмыссыздық проблемалары және жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жолға қою қажеттігі күн тәртібінде өзекті деп нақтылап берді. Партия жұмысын жандандыруда халықпен ашық диалог орнату әркезде мәселенің мәнін ашуға міндетті түрде септігін тигізеді. Мемлекет басшысының Съездегі тапсырмаларының бағыты осындай. Біз партияластар Мемлекет басшысының идеяларын қолдай отырып шынай мемлекетшіл болуды жақтаймыз. Талап та солай, мақсаттар да нақты.

Қалыйма Жантөреева,
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихат депутаты