• Пн. Май 23rd, 2022

ҮЛГІЛІК БАЗАЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ — СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ

Автор:admin

Мар 16, 2022
Spread the love

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова облыстық Қоғамдық даму басқармасының және Инвестиция және экспорт басқармаларының жұмысшы топ қызметкерлерімен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында Нұржахан Ермағамбетқызы Жобалық басқарудың негізінде еліміздегі барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қолға алынған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» Үлгілік базалық бағыт-4 жобасын таныстырып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою мен оның туындауын болдырмауды көздейтін жобаның 4 тапсырмадан тұратынын жеткізді.

Сондай-ақ, 5 жыл уақыт мерзімін қамтитын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жмқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын негізгі аспектілеріне тоқталып, парақорлықтан алшақ таза қоғам қалыптастыруға Мемлекет басшысы тарапынан басымдық беріліп келетіндігін түсіндірді.

Jsk ақпарат