• 24 июня, 2024 4:30 пп

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ ШТАБЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Ноя 10, 2022

 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.

Екібастұз қаласында штаб мүшелері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық көмір кенішінің еңбек ұжымымен кездесіп, кеншілерге кандидаттың бағдарламасындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.

— Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі маңызды. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек. Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн, — деді республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.

Павлодар қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары трамвай басқармасы мен электролиз зауытының ұжымдарымен кездесу өткізді. Жүздесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы жаңа өңірлік саясатқа арналған бөлімі талқыланды. Бұдан соң Достық үйінде штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. Жастар белсенділерімен кездесуде жастар саясатындағы бастамалар сөз болды.

Автор: admin