• 24 ноября, 2025 11:06 пп

«Құқықтық тәрбие – тұрақты қоғамның негізі»

Автор:admin

Ноя 22, 2025

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс – кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы екендігінде. Қылмыстың алдын алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқық­тық тәрбие негізгі құрал болып есеп­те­леді. Сондықтан да жастарға өз дәре­жесінде жеткілікті құқықтық тәр­бие бе­руді дұрыс жолға қою үлкен жұ­мыс. Өйткені, құқықтық тәрбие жас­тар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптар құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін се­зіндіреді. Олардың өздерін дұрыс ұс­тап, әсіресе кәмелетке жасы толма­ған­­д­­ар арасындағы қылмыстық әре­кет­терінің алдын алуға мүмкіндік туғы­за­ды Кәмелетке толмағандар арасын­да­ғы құқық бұзушылықтардың ал­дын алу және қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету бойынша, «Түнгі қаладағы балалар» және «Қауіпсіз мектеп» жедел-про­фи­лак­тикалық іс-шаралары өткізі­ліп­ті. Сонымен қатар мүдделі орган өкіл­де­рінің қатысуымен түнгі іс-ша­ралар ұйымдастырылып келеді екен. Қабылданған іс-шаралар нәтиже­сін­де, осы жылдың 10 айы көле­мін­де түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болған 43 жасөспірім, ал түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 1 мың 356 жас­өс­пірім анықталған. Нәтижесінде, ата-анасының бақылауынсыз жүрген 242 жасөспірім Кәмелетке толмаған­дар­ды бейімдеу орталығына орналас­тырылды. Құ­қық бұзушылыққа бейім 234 жас­­­өс­пірім және кәмелетке тол­ма­ған­дарды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамайтын 112 ата-ана Ішкі істер органының есебіне қойылды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, 10 айы­ның қорытындысы бойынша кәме­лет­ке толмағандар арасындағы қыл­мыс­тар 17,2 пайызға төмендеген. Жасөспірімдерді қылмыс жаса­уы­на отбасындағы қолайсыз жағ­дай, сабаққа бармау, тәрбиелік жұ­мыс­ты аз жүргізу, интернет желі­ле­рін дұрыс қолданбау, өздерінің құ­қық­та­рын дұрыс білмеу факторлары жиі әсер етеді. Осы орайда  Шымкент медициналық колледжінде жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру мақсатында профилактикалық кездесу өтті. Студенттерге интернет алаяқтықтың таралу жолдары мен салдары, құмар ойындарға тәуелділіктің (лудомания) зияндығы мен қауіптілігі жан-жақты түсіндірілді. Кездесуге Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Әлімбеков Асқар Тұрдымұратұлы қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды ақпараттармен бөлісті. Шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin