• 12.05.2026 21:01

Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қала қонақтары!

Автор:admin

Май 12, 2026

2026 жылғы 10–15 мамыр аралығында Түркістан қаласында Түркітілдес мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті өтеді. Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін еліміз үшін аса маңызды халықаралық деңгейдегі тарихи іс-шараның ұйымдастырылуына байланысты қала аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және саммиттің жоғары деңгейде өтуі мақсатында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетіні туралы хабардар етеміз.
Уақытша шаралар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңы, Жаңа қала аумағы, 9-шы көше, Саттарханов даңғылы, сондай-ақ қажеттілікке байланысты жекелеген көшелерде енгізіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы кезеңде енгізілетін уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Сонымен қатар жол қозғалысын реттеу мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылатын болады.
Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық деңгейдегі маңызды саммитті жоғары деңгейде өткізу үшін қолға алынуда.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Автор: admin