• 3 декабря, 2024 2:08 пп

«Қоғамның жегі құрты – сыбайлас жемқорлық!»

Автор:admin

Июн 25, 2024
Screenshot

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық.

   Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігі мен еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс.

   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке азаматтармен және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен бірге, мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларда сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қатерлерден Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отырғаны белгілі. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күннің басты мақсаты. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барша ел азаматтарының азаматтық борышы.

   Осыған байланысты, Ордабасы ауданында да«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі насихат жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты – мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

   Олай болса, қоғам болып аталған дертпен күресуге баршаңызды шақырамын!

Ордабасы аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Тайтелиева

Автор: admin