• 18 мая, 2024 11:10 пп

ҚАРАҚАТ ӘБДЕННІҢ ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Ноя 11, 2022

 

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің сайлауалды штабында ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелері талқыланды.

Штаб басшылығы мәлімдегендей, үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. «Жиында сайлауалды жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп берілді. Қарақат Әбден еліміздің 8 облысында 30-дан астам кездесу өткізді. Сайлаушылар тарапынан көптеген сауалдар мен ұсыныс келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі әлеуметтік проблемаларға қатысты. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру мен бала тәрбиесі жайлы өзекті мәселелер көтерілді. Өңірлік штабтар олардың барлығын бақылауға алды. Жалпы, сайлау – бұл демократиялық қоғамның көрінісі. Сайлауалды штабтарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан сайлау мен үгіт-насихат жүргізу бойынша біз озық халықаралық тәжірибені саралай келе, жұмыстың ауқымын кеңейтіп жатырмыз. Біз үшін кандидаттың мықты саяси тұстарын көрсете білу маңызды. Бұл өз алдына үйлесімді ұжымдық жұмысты талап етеді. Сондықтан сайлауалды штабтарымызда өз ісін жақсы білетін мамандар, патриоттар мен мүддесі ортақ азаматтар еңбек етіп жатыр. Бізді біріктіретін ортақ мақсат – ел игілігі үшін жұмыс істеу», деді кандидаттың баспасөз хатшысы Еламан Төлепберген.
Алдағы уақытта Қарақат Әбден Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Автор: admin