• Пн. Май 23rd, 2022

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ШАҒЫМЫ ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Фев 14, 2022
Spread the love

Бүгін қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов Қайнарбұлақ тұрғын алабының халқымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Мұндағы тұрғындарды ауыз су, газ, электр жарығы мәселесі толғандырады.

8 мыңнан аса тұрғыны бар тұрғын алап жекеменшік электр жарығы және ауыз сумен қамтылған. Көшелерінің үштен біріне асфальт төселген. #149 және 2 автобус қатынайды. Азаматтар мал шаруашылығымен, жылыжай өсірумен де айналысады. Интернетпен қамту үшін «Кселл» компаниясының базалық станциясы орнатылды. Жеке инвестор тарапынан оптикалық талшық желісін өткізу қарастырылуда. Осы жылдың аяғына қарай аяқтау көзделген.

М.Айманбетов аумақты электрмен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары басталғанын, жыл соңына дейін тұрғындарға электр жарығы берілетінін айтты. Ал, ауыз су мен табиғи газ жүргізу нысанының құрылыстары биыл басталып, келесі жылы толығымен пайдалануға беріледі.

Жаңақұрылыс аумағында құрылыс жұмыстары аяқталса, жолдар асфальтталмақ. «Әбілда Бөлешов» көшесінің жалғасын Таскешу елдімекеніне қарай жарықтандыру жоспарланып жатқанын түсіндірді.

Мектеп тапшылығын көтерген жұртшылыққа жердің құжаттарын заңдастырылып жатқаны айтылды. Қайнарбұлақ көлі бойында аббаттандыру және демалыс орнын ашу инвестор есебінен қолға алынады.

Қала әкімінің орынбасары аудан әкімдігіне атқарылатын жұмыстар барысын тұрғындарды үнемі ақпараттандырып тұруды тапсырды.

Jsk ақпарат