• Пн. Окт 3rd, 2022

Қазақстан 2050 жылға дейін дамудың көшбасшысына айналады!

Автор:admin

Май 25, 2022

Халқымыздың басты мақсаты іргелі елдің босағасын берік ұстап, ордалы отыз елдің қатарынан көріну. Қазақстан осы жолды біршама кешенді іс-шаралар мен стратегиялық маңызы бар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып отырған дамушы мемлекет. Дамушы мелекеттің басты мақсаты дамыған елдердің қатарына қосылып, мықты экономиканы қалыптастарып, өз азаматтарының гүлденген әлемде өмір сүретінін қалайтыны сөзсіз. Мемлекетіміздің басты стратегиялық бағдарламаларының бірі «Қазақстан-2050» стратегиясы. Бұл еліміздің даму болашағын болжап, әр саланың дамуына өзіндік үлес қосатын экономикалық, саяси және қоғамдық-әлеуметтік жолдарын айқындап негізгі мақсат-міндеттерге қосатын тарихи құжат болып саналады. Аталмыш бағдарлама Қазақстанның алдағы жылдары қарастырылатын әрбір мәселесін тиімді шешу жолдарына жол салатын көкейтесті озық бағдарламалар қатарында. Стратегияда толғақты мәселелер мен оның түйінін тарқатудың шешімін таппаған мәселелердің жолдарын біртіндеп көрсету. Планетаға өзекті болып отырған су тапшылығы, табиғи апаттар, катаклизм, дағдарыс, және де тағы да басқа мәселелердің шешу жолдары қарастырылған. Саладағы жобалар Қазақстанның 2050 жылға дейінгі қиындықтарын біртіндеп жолдан алып тастауға бағытталған. Болашақтың Қазақстан бойынша дамудың қоғамға әкелер пайдасы, қоғамның ой-санасын оң жаққа қарай бағыттап түбегейлі өзгертуге өз әсерін береді. Қазақстан 2050 стратегиялық бағдарламасы Қазақстандықтарды жаңа белестерін бағындыруға, ортақ мақсатқа топтастыруға бағытталатыны жасырын емес.  Өткен кезеңмен салыстырғанда аз уақыт ішінде ғасырлық жолдарды жүріп өткен Қазақстанның бүгінде шыңдалған еліміздің жарқын болашағы бағдарланып аса маңызды стратегия ретінде қарастырылып келеді. Қоғамға тың серпін беріп ойына қозғау салып Тәуелсіз Қазақстанның демократиялы жолмен даму ерекешелігін адам құқықтарымен саладағы жаңғыртулардың Халықаралық өлшем мен стандартқа сәйкес келуін белгілейді. Қазақстан 2050 жылға дейінгі мақсат-мұраттарын кешенді ұлттық жоспарлар санатына енгізіп, оның іске асырылуын тарихи сипатқа бағалайды. Әрбір Қазақстандық «Қазақстан-2050» стратегиясын белгіленген жоба бойынша өз іс-әрекетімен жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Сонда ғана еліміз осы стратегиялық бағдарламаның нәтижиесін ұрпақтарымен бірге көре алатынына кәміл сенімдеміз.

Jsk ақпарат