• 13 октября, 2024 10:12 дп

Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдері

Автор:admin

Май 25, 2020

 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жыл сайын электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін жеңілдету мақсатында кәсіпкер мен қатардағы тұтынушыны электр желілеріне қосу рәсімінің санын азайту мақсатында заңнамалық түзетулер енгізуде.
Осы заңнамалық түзетулер шеңберінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы әзірленіп, қабылданды. Бұл бұйрық бірінші кезекте электр энергиясын пайдалану кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және тұтынушыны электр желілеріне қосу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.
Тұтынушыны қорғау және электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу тәртібін жеңілдету мақсатында төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:
— тұтынушының электрмен жабдықтау туралы келісімге физикалық қол қою қажеттілігінің жойылуы. Яғни бұрын электрмен жабдықтау туралы келісім-шарт жасасу үшін тұтынушының физикалық қатысуы қажет болған, қазіргі кезде өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін электрмен жабдықтау туралы шарт жасасу үшін тұтынушының физикалық қатысуы талап етілмейді. Электрмен жабдықтау туралы келісім жария ұсыныс негізінде жасалады және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 483-бабының 2-тармағына сәйкес (Ерекше бөлім) абонент жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде белгiленген тәртiппен қосылған кезден бастап шарт жасалған болып есептелінетін болды;
— тұтынушының (жеке және заңды тұлғалар) «бір терезе» қағидаты бойынша электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін құжаттарды тапсыру мүмкіндігі. Осылайша, бұрын электрмен жабдықтау туралы келісім жасасу үшін тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау туралы шартты жасасу үшін құжаттарды өзінің ұсынуы қажет болатын. Қазіргі уақытта бұл қажеттілік жойылды, өйткені өзгертулер мен толықтырулардан кейін тұтынушы құжаттарды тек энергия беруші ұйымға береді, энергия беруші ұйым өз кезегінде тұтынушының құжаттарын тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға бағыттайды. Осылайша, электр желілеріне қосу және электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін тұтынушы орындауы тиіс әрекеттер мен жүгірістер саны азайды;
— электрмен жабдықтау туралы шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың санының қысқаруы. Бұрын электрмен жабдықтау туралы келісім жасасу үшін тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға тоғыз құжат ұсынуы қажет болатын, өзгерістер мен толықтырулардан кейін тұтынушы энергия беруші ұйымға тек 7 құжатты ұсынады, оның 5-еуін тұтынушы береді, қалған 2 құжатты энергия беруші ұйым береді;
— техникалық шарттарды алу мерзімі қысқарды;
— тұтынушыға жобалау құжаттамасын энергия беруші ұйымдармен келісу нормасынан алып тасталды;
— тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы төлем құжаттарын қабылдау-тапсыру қағазының қысқарды;
— энергия беруші ұйым тұтынушыға қайта есептеу жүргізетін бұзушылықтар саны 8-ден 5-ке дейін қысқартылды, сондай-ақ тұтынушы тұтыну шарттарын бұзған жағдайда қайта есептеу шарттары жақсарды. Осылайша бұрын пломбаның бұзылғаны үшін талап қою мерзімі шегіндегі кезеңде техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген қуаты негізінде есепке алынбаған электр энергиясының көлемін анықтау арқылы электр энергиясының көлемін қайта есептеу қарастырылған болатын. Осындай қайта есептеу нәтижесінде тұтынушыға елеулі сома есептелінетін. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан кейін энергия беруші ұйым тұтынушыға тәртіп бұзушылық туралы еркін нысанда акт жасауға және мынадай тәртіп бұзушылықтар кезінде ғана қайта есептеу жүргізуге құқылы:
1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылуы;
2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабынан (бұдан әрі – КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;
3) КЕҚ, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі;
4) КЕҚ дискісінің жасанды тежелуі;
5) КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде бұрын энергия беруші ұйым тұтынушыға тәртіп бұзушылық туралы еркін нысанда акт жасап, тұтынушыны электр энергиясынан ажыратып, қайта есептеу жүргізетін, енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан кейін қайта есептеу тұтынушыны электр энергиясынан ажыратпай жүргізілді;
— электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін тұтынушыны ажыратқан кезде оны жалғау мерзімін белгілеу. Айта кету керек, өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенге дейін бұзушылықтар жойылғаннан кейін тұтынушыны қосу мерзімі көрсетілмеген болатын, өзгертулер мен толықтырулардан кейін тұтынушының бұзушылықты жойғанын және қайта қосу қызметінің ақысының төлегенін растайтын құжаттарын ұсынғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жүргізілетін болды;
— энергиямен жабдықтау ұйымын өзгерту жағдайларын жақсарды;

Автор: admin