• 3 декабря, 2024 5:00 пп

ШЫМКЕНТ: ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ

Автор:admin

Июн 25, 2024

 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен жасыл ел еңбекші жастары қатысты.
Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғанын қынжыла жеткізген тұрғындар бүгінгі іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді.
100-ден астам аудан тұрғындары мен жасыл елдіктер өзен аумағындағы түрлі қоқыстарды, бей-берекет шөп-шаламдарды және өзеннің суымен жиналған түрлі қоқыстарды тазалап, өзен маңайындағы су көздерін тазалады.
Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылып, өзен бойындағы шөптер шабылды.
Іс-шараға қатысқандар қаламыздың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екенін жеткізді.

Автор: admin