• 2 ноября, 2024 2:53 пп

Шымкент қаласы: судағы қауіпсіздік туралы есте ұстаңыздар!

Автор:admin

Июл 9, 2024

Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Тұран, Еңбекші, Абай, Қаратау, Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі профилактикалық рейдтер жүргізеді. Құтқарушылардың мұқият бақылауымен жабдықталған орындар ғана емес, сонымен қатар «жабайы жағажай»әуесқойлары ұнататын шомылуға арналмаған орындар. Өкінішке орай, тыйым салынған орындардағы рейдтік іс-шараларда қала тұрғындарының шомылуы, демалысы, онда тақтайшалар орнатылғанына қарамастан тіркелді. Аудан әкімдігімен бірлескен қызметтің арқасында ТЖ басқармасының қызметкерлері су айдындарына тыйым салу тақтайшасын орнатты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жазатайым оқиғалардың көпшілігі суға байланысты болып табылады. Олардың басым көпшілігі өзін-өзі ұстау мен қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуден туындайды.

Су айдынындарында суға тұншығу жағдайлары өкінішке орай өте жиі кездеседі. Белгісіз су қоймасында шомылудың соңы орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін: я боламаса су түбінде жатқан заттар сізді жарақаттауы ықтимал.

Дененің құрысып қалу жағдайы – судағы ең көп таралған себептердің бірі. Егер сіз бір аяғыңыз тырысса екінші аяғыңызбен жүзуге мән бергеніңіз абзал.  ИЯ, тәжірибелі жүзгіш аяқ немесе қолдың көмегінсіз де біршама жер жүзе алады, бірақ бұл жерде құрысу өте күшті болуы ықтимиал және адам кенеттен ауырсынуды сезінуі мүмкін. Суға батудың ең басты себептерінің бірі адам су жұтып қояды. Сондай-ақ адам бірден суық суға түскенде құрысулар орын алады.  Су түбіндегі әртүрлі заттарға (бөренелер және т.б.) соқтығысу салдарынан көбінесе адамдардың батып кету жағдайлары орын алып жатады.

Ал оған адамның сасқалақтап дүрбелеңге түсуі  қауіпті күшейте түседі. Мысалы: адам алысқа жүзіп, кейіннен қорқып немесе судың тереңдігін сезініп дүрбелеңге түсуі ықтимал. Әдетте тәжірибесіз жүзушілермұндай жағдайлармен жиі ұшырасады.

Сырт көзге жайбарақат ағып жатқан секілді болып көрінетін қарапайым судың өзінде су бұрқақтар мен су асты ағындары болуы ықтимал. Ал мұндай жағдайды топшылай бәлмеген жанға қауіп төнуі ықтимал.  Әрине су ағыны батыра қоймаса да, адамды жағадан біршама алысқа ұзатып алып кетуі ықтимал. Сондай-ақ, сіз желді күндері шұғыл пайда болатын  тұншықтырғыш алып толқындар туралы ұмытпағаныңыз абзал.

Алкогольді ішімдік пайдаланып суға түсу – қауіпке бас тігу.  Алкоголь өнімін пайдаланған адамдар бейтаныс жерлерде еш шімірікпестен суға түсіп, ұзақ уақыт суық суға шомылады (дене құрысуларына дейін), батылдық пайда болып, өзінің дене күшін  асыра бағалап, өте алыс жүзеді және т.б.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin