• 27 июля, 2024 9:47 дп

Шымкент қаласы бойынша дiни ахуал туралы

Автор:admin

Июн 8, 2024

Бүгінгі күні қала аумағында 12 конфессияны білдіретін 33 діни бірлестік тіркелген:  1 — Исламдық бағытында (91 мешіт); 32 – Исламдық емес бағытында  (6 — Православие, 1 — Католик, 7 — Елуіншілер, 5 – Пресвитериандық, 5 – христиан Баптистер, 3 — Ехоба куәгерлері, 1 — Жаңа апостолдық шіркеу, 1 – Иудейлік, 1 –Бахаи, 1 – Адвентистер, 1 — Кришна). Миссионерлер туралы Шымкент қаласының аумағында 8 миссионер бар. Олардың ішінде:  2 – Корея Республикасы, 2 — Украина, 1 – Италия,1 – Аргентина, 1 – Тәжікстан, 1- АҚШ. Сенімдер контексінде: 1 — пресвитериандықты, 6 католицизмді, 1 – елуінші діни бағытты ұстанады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы Қалада құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында құрамында                     113 адам бар (1 қалалық, 5 аудандық топ) ақпараттық-түсiндiрмелік топтар бекітілген жоспарға сәйкес тиісті  жұмыстарды жүргізді. Ақпараттық-түсіндірмелік топтарымен жалпы 1671 кездесу өткізіліп, 157 912 адам қамтыды. Қарсы-насихаттық жұмыстардың барысы Есепті кезеңде діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жыл басынан ресми әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда – 3869 материал жарияланды. Haqjoly.kz діни ақпараттық порталында 192 мақала, 640 жаңалық,                110 бейнеролик жарияланды. Cipr17.kz діни ақпараттық порталында 435 мақала, 1205 жаңалық,                   89 бейнеролик жарияланды:

— Facebook «Din Shymkent» – 172

— Instagram «Shymkent.din» – 370

— Tik-tok «haqjoly.kzz» – 125

— Telegram «stop terrorism» – 169

— Youtube «діни сайт» – 160

— «Контр» ақпараттық жүйесіне жалпы 202 материал салынды. «Кибернадзор» жүйесінде радикалды мазмұндағы 20500 материал есепке алынып, бұғаттау үшін жолданды. Қала аумағында деструктивті діни ағым қауымдастықтарына тіркелген            «В Контакте» желісіндегі аккаунттарды анықтау мақсатында «АИК» бағдарламасы кеңінен қолданылды. Оның ішінде  анықталған  5680 аакаунт қолданушыларына ескерту СМС хабарламалары жолданды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында жалпы 34 іс-шара өткізілді. Орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы  Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-бабымен әлеуметтік желідегі жеке парақшасында діни экстремизмді насихаттайтын видеороликтер жариялағаны үшін 7 тұлға және 453 бабымен                    2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Jsk ақпараттық агенттгі

Автор: admin