• 2 ноября, 2024 2:16 пп

Шымкент қаласы: балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі

Автор:admin

Июл 10, 2024

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шараға Шымкент қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Еркін Отарғалымұлы және қалалық Білім басқармасының басшысы қатысты. Еркін Отарғалымұлы Төтенше жағдайлар департаменті балалардың жазғы кезеңде қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ең маңыздысы су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Биылғы жылы суда ТЖ туындау қаупін төмендету бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Құтқарушылар өткен жылдардағыдай шомылу маусымы кезеңінде балаларды жүзу дағдыларына үйрету бойынша жұмыс жүргізеді. Күн сайын қоғамдық орындарда болу, су пайдалану және судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер мен патрульдеу жүргізіледі. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл басынан бері балаларды қараусыз қалдыру себебінен каркасты бассейнге бату 3 жағдай, шомылуға белгіленбеген орындарда түскен 1 жазатайым оқиға тіркелді. Екінші маңызды мәселе балалар лагерлері мен демалыс аймақтарында балалардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Балалардың отпен ойнауы себебінен өрттердің профилактикасы, сондай-ақ қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында 190 мыңға жуық оқушыларға интерактивті сабақ және викторина,ашық сабақтар,конкурстар өткізілді. 23 мыңнан астам баланы қамти отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Балалар өлімінің негізгі себебі ата-аналардың немқұрайлылығы, балаларды қараусыз қалдыруы, ұйықтап жатуы, өрт туындаған кезде дұрыс емес әрекеттер жасауы болып табылады Үшінші мәселе балалардың абайсыздан көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлауы. Жыл басынан тұрғын үйлердің терезесінен құлау 5 жағдай тіркелген. Барлық жағдайлар ата-аналардың немесе үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруына және пәтерлердің терезелері ашық болуына байланысты орын алып отыр. Жазатайым оқиғалардың алдын алуы бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергілікті және республикалық телеарналар бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауының алдын алу тақырыбында 12 сөз сөйлеу, сондай-ақ брифинг-1 рет, радиоэфир-72 рет, баспасөз-107 рет, бейнероликтерді тарату-3 рет ұйымдастырылды. Департамент қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында, адамдар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары арасында жыл басынан бері 5700-ден астам адамды қамти отырып 79 көпқабатты тұрғын үй кешенін аралап, 45 жиын өткізді. Онда жадынамалар таратылды. Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілерін болдырмау бойынша ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, Департамент жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының құрылыс басқармасына көптеген балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін үйлерді салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға, арнайы бекіткіштерді (фиксаторларға) енгізу туралы ұсынымдық сипаттағы хат жолдады. Нәтижесінде, Басқарма Департаменттің ұсынысын назарға ала отырып, жобалау-сметалық құжаттамаға «Балаларды қорғауға арналған терезе бекіткіштері» тармағы енгізілетінін хабарлады. Айта кету керек, біздің заңнамада баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың тікелей міндеті болып табылады. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 127-бабына сәйкес бұл міндеттерді орындамау әкімшілік жазаға әкеп соғады. Сонымен қатар, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті жағдайдағы баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 119 және 141-баптарында көзделген. Баспасөз конференциясы соңында Еркін Отарғалымұлы судағы қауіпсіздік қағидалары мен өрт қауіпсіздік қағидаларын еске салды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin