Бүгін таңғы сағат 07:00-де Шымкент қаласының Абай ауданындағы 77 референдум учаскесі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына сәйкес өз жұмысын бастады. Аудандағы жалпы сайлаушылар саны – 183 489 адам. Барлық референдум учаскелері заң талаптарына сәйкес толық жабдықталып, дауыс беру процесін ұйымдастыруға дайын. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының референдумға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында дауыс берушілерге ақпараттық шақыртулар таратылып, сондай-ақ қысқа SMS хабарламалар жолданды. Абай ауданының тұрғындары өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, маңызды саяси науқанға белсенді қатысады.
