• 13 октября, 2024 11:20 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КЕЗЕКТІ РЕТ ТҰРҒЫНДАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАДЫ

Автор:admin

Июн 4, 2022

Былтыр қала экономикасына жан-жақты талдау жасалып, қаланың әлеуметтік-экономикалық картасы әзірленді. Бұл құжатта  қаладағы өзекті мәселелер және шеттегі 41 елді мекенді инженерлік жүйелермен қамту жұмыстары жоспарланған. Осылайша, қаладағы бірінші кезектегі өзекті мәселелер анықталып, қаланың бюджетіне жаңадан  99 жоба енгізілді (35,0 млрд.теңге жоспарланған).  Жаңа бас жоспар бекітіліп, қала шекарасы    2,9 есеге ұлғайғаны мәлім. 3 ауданнан 146 мыңнан астам халық қалаға қосылды.  Бұл жергілікті атқарушы органдар тарапынан негізгі күш халықпен жұмыс жасауға бағытталғанын аңғартады. Сол себепті бірінші кезекте, жергілікті атқарушы органдардың штаттық құрылымы 131 бірлікке ұлғайтылып,  3 аудан әкімдігінің функциясы күшейтілген. Қалалық коммуналдық меншікке баланстық құны   7,9 млрд. теңені құрайтын 81 әлеуметтік нысан қабылданды    (44 мектеп,  5 балабақша, 1 саз, 1 спорт мектебі, 22 мәдениет, 8 ауыл әкімдігі ғимараты). Мұнан  бөлек,146,0 мыңнан астам адамның құжаттарын ауыстыру және қайта тіркеу үшін арнайы мобильдік топ құрылған.  Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден аса азамат жазылып, өтініштерін білдірді. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері жөніндегі талап-тілектерін жеткізді. «Аманат» партиясының қалалық филиалы ғимаратында  өткен біріңғай қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары және қаланың бас прокуроры Ғ.Мұқанов, Полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков және «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады. Тұрғындардың басым бөлігі жеке мәселесімен келген. 17 азамат баспанамен қамтуды, 15 тұрғын жер телімін үлестіру мен жерді заңдастыру, 10 тұрғын әлеуметтік көмек көрсетуді сұрап келген. Одан бөлек, қоғамдық мәселені арқалап келген 15 азамат жол құрылысының сапасы, мектеп пен емхана құрылысы, бағдаршам орнату, алея салу секілді ұсынысын жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, мал шаруашылығы үшін субсидия, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселелерін де жеткізді. М.Әйтенов тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап,  жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin