• Пт. Дек 3rd, 2021

Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Автор:admin

Ноя 24, 2021

Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 24 қарашадағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.
Сондай-ақ, 2021 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 140 МВт құрайды және жұмыста № 1,2 — қазандық және № 1,2 — турбина.

JSK ақпарат