• 20 мая, 2024 5:40 дп

Шымкент қаласының даму перспективасы – экономикаға оң әсерін береді!

Автор:admin

Май 2, 2023

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын ескере отырып, қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында жаңа бастамаларға арналған шығыстардың негізгі бағыттары:

— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту (қайта жаңарту және салу);

— азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру;

— білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласындағы объектілерді салуды және желіні кеңейтуді көздейтін әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

— шағын және орта бизнесті дамыту. Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексінде белгіленген бюджет деңгейлері арасында түсімдер мен шығыстарды бөлу қағидаттары арқылы құрылады және ең алдымен облыс-аудан деңгейінде өзара қарым-қатынастардың ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, басқарудың әрбір деңгейінің дербестігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуді ынталандыруға бағытталған. Қаланың 4 ауданының дербес бюджеттері жоқ, осылайша Шымкент қаласының бюджетаралық қатынастары тек республикалық бюджет пен қала бюджеті арасында ғана құрылады. Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin