• 23 июня, 2024 10:17 пп

Шымкент қаласының аудандарында инфрақұрылымды жүйелендіру басты мақсаттардың бірі

Автор:admin

Сен 17, 2023

Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында Қазақстан шикізат өндірісін дамытуға басымдық берген болатын. Бұл саясат өзін-өзі ақтады. Осы салаларды нығайтудың нәтижесінде еліміз сырттан мол ин­вес­тиция тартты. Уақыт өте келе Ұлттық қор құрылып, онда едәуір қаражат жинақталды. Осылайша, алғашқы кезде эконо­ми­­­ка­ны дамытудың стратегиялық бағытының дұрыс таң­далуы қа­зір­гі күні көп іске жол ашқандығын көріп отырмыз. Сол көп іс­тің ең маңыздыларының бірі  инфрақұрылымның дамуы болып отыр. Жаңадан салынған автокөлік жолдары мен темір жол магис­тральдары, олардың логистика­лары, теңіз жолдары мен порт тер­­миналдары, әлемнің әр шал­­ғайына ашылып жатқан әуе жол­дары, барлығы бірін бірі толық­тыра, байыта келе Қазақ­стан эконо­мика­сының уақыт өт­кен сайын нығая түскен жаңа жота­сына айналды. Нақ осы сала, бірқатар сарап­шылардың пікі­рінше, Қазақ­станның әлем ел­дері­нің ара­сы­нан алатын жаңа орнын бел­гілейтін болады. Қазақстан бірте-бірте Шығыс пен Батыстың арасын эконо­ми­калық тұрғыдан жалғай­тын алтын көпір ел ретінде әлем­дік қауымдастық алдында бой көр­сетпек. Жаһандық және аймақ­тық деңгейде болып жатқан үл­ке­н өзгерістер, Еуразиялық эко­но­­микалық одақтың құрылуы, Шан­хай ынтымақтастық ұйымы қыз­метінің белсенді сипатқа ие бола түсуі, алып көршіміз Қытай­­дың әлемнің жаңа эконо­ми­ка­лық орталығының бірі ретінде қалып­тасуы, оның «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы халық­­аралық қауым­дастық тара­пы­нан жаңа ғасырдың ең ірі жоба­ла­рының бірі ретінде қарастырылуы – Қазақстанның оң жамбасына дөп келіп тұр. Шымкент қаласының инфрақұрылымын жүйелендіру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру саласы автоматтандырылуда, деп хабарлайды JSK.KZ. Көше жарығы диспетчерлік орталық ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастаған болатын. Орталық арқылы әзірше қала аумағындағы 97 көшенің жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылуда. Яғни, істен шыққан жарықшамдар кері байланыс арқылы автоматты түрде мониторда көрсетіледі және түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулаған кездерде жарық беру пайызы автоматты төмендейді. Бұл электр қуатын едәуір үнемдеуге септігін тигізеді. Аталған орталыққа қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, операторлардың диспетчерлік жұмысы мен бірегей жобаның мүмкіндіктерімен танысу барысында, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында басқа да жаңа технологияларды зерттеп, қала өміріне енгізуді тапсырды. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар 747 көшенің 324-і жарықтандырылған. 2024 жылы барлық көшелерді 100 % автоматтандыру жоспарланған.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin