• 24 июня, 2024 5:14 пп

Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді

Автор:admin

Май 14, 2023

Ұлттық экономикалық жүйенің түрпа-ты экономикалық саясат нысандарының жйынтығы мен оның сол немесе басқа нысандарының басымдықтарын анықтайды. Аралас экономика жағдайында нарықтық қатынастар белең алған жағдай-да экономикалық саясаттың нарықтық қатынастарды реттеп, өз-ара ықпалдасуға бағдарланған нысандары басымды рөл атқарады. Осы жағдайда экономиканың дамуын қамтамасыз ету үшін нарық пен мемлекеттің өзара оңтайлы ықпалдасуы негізгі проблемаға айналады. Экономикалық саясаттың нысаны мен мазмүнын анық-тауда мемлекет өзінің даму кезеңінде шешуі тиіс үзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді міндеттерінің арақатынасы-ның маңызы артады. Шымкент қаласында тамақ өнеркәсібінде 161 кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды Jsk.kz  Оның ішінде 8 ірі және орта өндірістер. Онда 2,9 мың адам жұмыспен қамтылған. Тамақ өнеркәсібі – қаладағы өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі. Шымкент қаласы дәмді тағамдарымен, тамақ өнімдері бағасының арзандығымен көпшілікке танымал екені мәлім. Cаладағы өнім көлемі 41,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға артқан. Аталған салада жеке инвестициялар тарту көлемі артып келеді. 0,2 млрд теңге инвестиция қаржысы игерілді. Тамақ өнімдерін өндіру саласында 2 инвестициялық жоба іске қосылған болатын. 3 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде жемістер мен көкөністерді қайта өндіру бойынша екі жоба, жылына жалпы 12 млн дана банкі шығарылатын болады. Сонымен қатар, ас және техникалық тұзын өндіру жобасы іске қосылып, жылына 10 мың тонна өнім өндірілмек. Қалада өндірілген тамақ өнімдері шетелдерде сұранысқа ие. Экспорт көлемі 125,3 млн. АҚШ долларын құраған еді. Ал бұл көрсеткіш 19,8 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл алдынғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артып отыр. Негізінен, ұн өнімдері (12,4 млн АҚШ долл), күнбағыс майы (15,0 млн АҚШ долл.), макарон өнімдері ( 0,239 млн АҚШ долл) алыс және жақын шетелдерге экспортқа шығарылуда. Айта кетсек, Шымкент қаласында «Шымкентмай» АҚ, «Арай» ЖШС (өсімдік майлар), «Алтын дән» ЖШС (ұн, сүт және макарон өнімдері), «Рахат-Шымкент» ЖШС, «PIONEER» ЖШС, «Мадлен-КZ» ЖШС, «Ладушки» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Барыс 2007» ЖШС (макарон өнімдері), «PIONEERGrainProducts» ЖШС (ұн өнімдері), «Шымкент-Құс» ЖШС (құс еті) және тағы басқа ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin