• 23 января, 2026 3:59 пп

Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6698 әскери бөліміне Шымкент қаласы Тұран ауданы әкімі мен бірнеше лауазымды тұлғалары қызметтік сапармен келді.

Автор:admin

Янв 23, 2026

Сапар барысында қонақтарды әскери бөлім командирі подполковник Нуралиев Бауыржан қарсы алып, бөлімнің күнделікті қызметі, жауынгерлік әзірлік деңгейі мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен жан-жақты таныстырды.

Іс-шара кезінде қонақтар жеке құрамның казармаларын, оқу-жаттығу орындарын, сарбаздар асханасын аралады. Әскери техникалар мен қару-жарақтан жасақталған арнайы көрмені тамашалап, қызметтік иттердің жұмысын көрді. Сонымен қатар Президент тапсырмасына баса назар аударып, әскердегі тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сондай-ақ патриоттық тәрбие бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алды.

Өз кезегінде аудан әкімі мен арнайы келген қонақтар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайту, бірлескен әскери-патриоттық бағыттағы ауқымды шараларды жандандыру мәселесін айтып өтті.

Аудан әкімі сапар барысында әскери қызметшілердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды ролін атап өтіп, әскери бөлімнің құрмет кітабына Отан қорғаушы ұландық жауынгерлердің атқарып жатқан қызметтеріне алғысын айтып,естелік жазбасын қалдырды.

«Оңтүстік-ақпарат»

Автор: admin