• 24 июня, 2024 4:26 пп

Шымкент экономикасы: «AZALA Textile» фабрикасы өндірісін кеңейтті

Автор:admin

Апр 9, 2023

«Оңтүстік» айрнай экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын тоқыма бұйымдары, медициналық төсек –жабдықтар мен отандық құрылыс компанияларының арнайы киімдерін өндіреді.  Фабрикада әскери киім тігуге арналған «Берік» атымен белгілі болған мата әзірленіп, қазіргі уақытта халықаралық зияткерлік патенттеуден өтуде. Жаңадан өндірілген мата (камуфляж) сапасы жағынан Ресей елінің маталарынан кем түспейді.  Қазіргі таңда «Azala Textile» фабрикасы ҚДС (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы) бойынша Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының киімдеріне арналған маталарды өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындау Үшінші жаңғыруды сәтті өткізу үшін қажетті шара болып табылады. Ол экономикалық өсудің жаңа моделіне өтуде Үкіметтің іс-қимылдарын суреттеп, нақтылайды. Ресурстық экономикадан түсетін пайданы жоғалтпай, таза экспортты ұлғайта отырып, технологиялар мен цифрлық шешім дер есебінен жаңа экономиканы құруға мүмкіндік береді. Қазақстандық даму моделінде Стратегиялық жоспарлар мақсаттар мен ниеттерді жариялап қана қоймайды. Біздің жоспарлар – бұл «болашаққа өту көпірлері». Жоспарлау – елді дамытудың жұмыс құралы. Болашақты пайымдауға, Үкіметтің не және не үшін жасап жатқанын түсінуге Қазақстанның бизнесі де, қарапайым азаматтары да, әлемдік инвестициялық қоғамдастық та мұқтаж. Біздің дамыған 30 елдің лигасына одан әрі жылжуымыз күрделі сыртқы жағдайларда жүретін болады. 10 жыл бұрын болған 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс әлемдік экономика мен геосаясатта жедел және қауіпті өзгерістердің бастау көзіне айналды. Әлемнің көпполярлы модельге көшуі қақтығыстармен және дағдарыстармен, экономикалық, технологиялық және геосаяси бәсекелестікпен ілесе жүреді. Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары: ұлттық адами капиталдың жоғары деңгейі, технологиялық жаңғырту мен цифрландыру, экономикалық өсудің сапасы. Әлемнің озық экономикаларындағы теңдессіз инновациялар толқыны Қазақстаннан болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қоюды талап етеді. Озық елдердің Индустрия 4.0 жаңа технологиялық тәртібіне өтуі басталды және бұл жерде кейін қалуға жол берілмейді.Әлемдік экономикада серпінді жылжуларды ескере отырып, 2025 жылға дейінгі кезең Қазақстан үшін стратегиялық сипатқа ие. Таяу жылдарда қай мемлекет жаңа сын-қатерлерді жеңіп шығатыны, ал қайсысы жеңіп шықпайтыны шешілетін болады. Жеңіп шыққандары, даму көшбасшыларының қатарына кіреді, жеңіп шықпағандары озық шешімдерді импорттай отырып, барлық туындайтын салдарымен әлемдік прогрестің шетінде қалып қояды. Қазақстан – ашық ел; Қазақстанның ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға тығыз интеграцияланған. Сондықтан 2025 жылға дейінгі кезеңде экономиканы ықтимал сыртқы күйзелістерден қорғау және елдің жедел дамуы үшін жаңа факторларды қосуға озық өз герістер керек

Jsk ақпарат

Автор: admin