• 21 мая, 2024 12:19 дп

Шымкент экономикасы – реформалаудың оң нитижиесін көрсетті!

Автор:admin

Май 2, 2023

Шымкент Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан ең ірі шаһарлардың бірі. Мұнда экономиканы әртараптандыру бағытында Мемлекет басшысының әрбір тапсырмалары жіті бақылауда. Кез-келген мемлекеттік бағдарламалардың экономиканы тұрақтандырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бүгінде Шымкент экономикасы Орталық Азия қалалары мен тең дережеде бәсекелестікке түсе алатын қалалар санатында. Елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Шымкент қаласыда бұл процестен кері қалмады.  Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмiн саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлсек, бұл бiздiң дамып келе жатқан елiмiз үшiн маңызды болып табылады. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуне байланысты  рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық  экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде рынокта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы рыногы болып табылады. Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Қазақстан Республикасы мен Шымкент қаласының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары қаланың экономикалық дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезіндегі негізгі бағыттар:

— Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

— ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту, газдандыру, су және жылумен қамтамасыз ету.

— Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.

— Көлік инфрақұрылымы

 

Jsk ақпарат

Автор: admin