• Сб. Окт 1st, 2022

ШЫМКЕНТ: «ЧУМЧАК» ЖӘНЕ «КӨК» КАНАЛДАРЫ ҚАРАШАДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Автор:admin

Сен 2, 2022

«Әділ әлеуметтік саясат» жалпыұлттық басымдығы нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және әлеуметтік саламаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шараларды іске асыруды көздейді. Еңбек нарығын қалпына келтіру және жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын жаңғырту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Еңбек қатынастарының жаңа прогрессивтік нысандарын енгізу жұмыспен қамтудың икемді нысандарын дамытуды қамтамасыз етеді» Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық төмен тұрған құжаттары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Аумақтарды дамыту жоспары және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Жалпыұлттық басымдықтарды орындауға бағытталуы тиіс. Жалпыұлттық басымдықтардың негізінде бірінші деңгейдегі құжаттар әзірленуде, олар: стратегиялық даму жоспарынан түрлендірілген 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары; аумақтарды дамытудың болжамды схемасынан түрлендірілген Аумақтарды дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары; ұлттық қауіпсіздік стратегиясы.

Екінші деңгейдегі құжаттар – бұл аяны/саланы және ұлттық жобаларды дамыту тұжырымдамалары. Аяны/саланы дамыту тұжырымдамалары аяны/саланы дамытудың пайымын айқындайтын немесе орта және ұзақ мерзімді кезеңдерінде тиісті салалардағы саясатты ашатын болады. Ұлттық жобалар жалпыұлттық басымдықтарға, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттары, міндеттері мен индикаторларына қол жеткізу үшін жекелеген аса маңызды құжаттар болады және бюджеттен басым түрде қаржыландырылады.

Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан каналдарға барып, іс барысын бақылады.  Айтып өтейік, бұған дейін “Чучмак” және “Көк” каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын кешіктірген мекемелерге 10 млн тг. көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі кезде құрылыстың 80% бітті. Жоспар бойынша қараша айында ел игілігіне берілуі тиіс. Ол үшін қыркүйек айының 10-ынан бастап ағын судың тоқтайтынын шаруаларға алдын ала ескерту керек. Осылай деген шаһар басшысы ауылшаруашылығы және табиғат басқармасына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді тапсырды. Бұдан соң қала әкімі “Шапырашты”, “Сай ниже водопада” каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрді. Сала мамандарына “Сай ниже водопада” каналына қойылып жатқан блоктардың сапа сертификатын тексеріп қабылдауды тапсырды. Әзірге мұнда істің 20% атқарылған. Нысан келесі жылға өтпелі.

 

Jsk ақпарат