• 24 июня, 2024 3:37 пп

ШЫМКЕНТ КӨШ БАСТАП ТҰРҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

Автор:admin

Ноя 1, 2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті.

  • Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.
  • Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.
  • Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.
  • Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.
  • Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.
  • Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.

Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.

  • Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты. Осыдан 20-25 жылдай уақыт бұрын әлеуметтік хал-­ахуал қиын еді. Ұлттық валютамыз айналымға енгеннен кейін үш айға жетпей, он еседей құнсызданды, ал, жылдық есепте тіптен сұмдық болды. Гиперинфляция экономикаға аз соққы болмаған еді. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын да нашарлата түсті. Күнкөріс қамымен мұғалімдер мен дәрігерлердің басқа да қызметкерлердің базар жағалап, табысы жақсылау салаға жаппай дерлік ауысып жатқан кезі де сол тоқсаныншы жылдар еді…

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау – халықтың жаңа қоғамдық саяси-экономикалық жүйеге бейімделуі оңай болған жоқ(олай болуы біршама түсінікті еді). Қарапайым халықтың да. Биліктің де. Мәселен, үкімет екі қолыңды бос қойдым, ал, қалағаныңды жаса дегендей сыңай білдірсе, халық та бас-көзсіз түрлі салаларға ұмтылып жатты. Еңбек нарығы, экономикалық заңдылықтар өкінішке қарай сақтала бермеді. Сондықтан да кей салада дисбаланс жүрді, яғни тепе-­теңдік бұзылды. Оған бір дәйек, экономика, құқықтану, заңгер т.б. мамандықтарда жоғары жалақы болғасын көп адамдар соны оқуға тырысты. Ал, мұндай мамандарға еңбек нарығында жылына онмыңдаған сұраныс жоқ. Бұл мұғалімдік болмаса, дәрігерлік емес еді. Жөн-­жосықсыз, жүйесіз ұмтылыс кері нәтижесін берді. Мысалы, еңбек нарығы толды: заңгер, экономика мамандарына. Қалғаны қайда барды? Жұмыссыздардың қатарына, болмаса, басқа…

Дегенмен бұл қиын әлеуметтік-экономикалық үрдіс бірнеше жылға созыла келіп тежелді. Шамамен 2000-жылдардың басы. Мұнай, басқа да шикізат бағалары қымбаттап, экономикада ілгерілеу басталды. Әлеуметтік жағдай да көтерілді.

Бірақ, барынша тұрақты әлеуметтік даму қалыптаса қоймап еді. Қай тұсымыз әлсіз екенін, әдетте, АҚШ-тан басталды делінетін әлемдік экономикалық дағдарыс байқатты. Дағдарыс 2007-2008жж. шамасында жүрген бері, біздің елімізде бұл 2009-жылы әжептәуір айқын көрінді. Девальвация; тауар, қызмет көрсету саласының қымбаттауы; тұрғын үй, жер телімдері нарығы құлдырауы, кей банктердің әлсіреуі; өндіріс орындарының қысқаруы, жұмыссыздар санының артуы т.б. біріне-­бірі жалғасқан әлеуметтік-экономикалық қиындықтар басталды да кетті.

Қазақстан бұл дағдарысқа жартылай дерлік дайын болғандай. Жартылай деп отырған себебім, мұнай бағасы шарықтаған тұста құрып алған ұлттық қорымыз экономиканы тым тұралатып алмай, керісінше, дағдарыстан жаңа серпінмен шығуға үлкен қаржылық мүмкіндік берді. «Экономика атасы» саналатын Адам Смитттің: адамның қалауы, ешқашан әрекетке жатпайды деп келетін сөзі бар. Біздің елдің де сол дағдарыстан былай шықсақ болады деген қалауымызды іске асыруға қаржылық мүмкіндік – сол ұлттық қорда жатыр еді. Бұл жерде әңгіме жол картасы бағдарламасына қатысты.

Jsk ақпарат

Автор: admin