• Пн. Сен 26th, 2022

«Шымкент жастар лигасы»

Автор:admin

Май 10, 2022

 

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және білім басқармасымен бірлесіп, мектеп оқушыларының арасында «Шымкент жастар лигасы» спорттық жарысының 2-ші рет ұйымдастырылуда.
Аталған жарыс 2021 жылдың 23 қазан айында бастау алып, 2022 жылдың 1 маусым күні аяқтау жоспарлануда.
«Шымкент жастар лигасына» спорттың футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 141 жалпы орта білім беру мектептерінен 514 команда құрамында 5926 оқушы қатысуда. (Атап айтқанда, Абай ауданынан — 38, Әл-Фараби ауданынан -27, Еңбекші ауданынан — 37, Қаратау ауданынан – 39 команда қатысуда.)
Бүгінгі күнде, спорттың ФУТБОЛ түрінен 4 аудан бойынша 3-4 тур ойындары басталды. Командалар арасындағы ойындар Денсаулық, Буравестник, Базарқақпа және 104 мектептің футбол алаңдарында аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері өткізіліп, жеңімпаздары анықталуда.
Спорттың ВОЛЕЙБОЛ түрінен Абай және Әл-Фараби аудандары іріктеу ойындары аяқталды (Ойындар нәтижесі: Абай ауданы бойынша — №50, №118, №23, №54 мектептер , Әл-Фараби ауданы бойынша — №1, №7, №129, №64 мектептер финалдық кезеңге жолдама алды).
Қаратау мен Еңбекші аудандарында іріктеу кезеңі жүргізілуде.
Спорттың БАСКЕТБОЛ түрінен Әл-Фараби және Абай аудандарында іріктеу ойындар өз мәресіне жетті (Ойындар нәтижесі: Әл-Фараби ауданы бойынша — №1, №47, №9, №8 мектептер, Абай аудан бойынша — №136, №55, №33, №26 мектептер финалдық кезеңге жолдама алды).
Қаратау, Еңбекші аудандарында іріктеу кезеңі сәуір айының соңында анықталатын болады.
Спорттың ШАХМАТ түрінен Абай, Қаратау, Әл-Фараби аудандарында іріктеу кезеңдері аяқталды. (Ойындар нәтижесі: Абай ауданы бойынша — №87, №23, №2 дарын, №50 мектептер, Әл-Фараби ауданы бойынша — №9, №1, №47, №45 мектептер, Қаратау ауданы бойынша — №68, №89, №88, №69 мектептер финалдық кезеңге жолдама алды.) Еңбекші ауданында шахмат ойындары өткізіліп жолдама алатын 4 команда анықталатын болады.
«Шымкент жастар лигасы» жобасының финалдық кездесу ойындарын мамыр айында өткізіп, жеңімпаздарды анықтау.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.