• Пн. Май 23rd, 2022

Шымкентте «Antikor оrtalygyнда» ашық есік күні өтті

Автор:admin

Апр 11, 2022
Spread the love

Бүгін Шымкенттегі «Аntikor ortalygyнда» ашық есік күні өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша, орталық жаңартылған форматта «оффлайн» жұмыс режиміне көшті.
Орталық жұмысымен танысуға алғашқылардың бірі болып жас мемлекеттік қызметшілер мен қоғам белсенділері келді.
Іс-шара барысында олар Аntikor ortalygy қызметімен, сондай-ақ азаматтарды қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау шарттарымен танысты.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінше, фронт-офис барлық қажетті талаптарды ескере отырып, ең бастысы ашықтық, қарапайымдылық және кедергісіз қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған.
«Бұл азаматтарға жедел және қолайлы жағдайларда білікті мамандардың заңгерлік кеңестерін алуға мүмкіндік беретін диалог алаңы. Біз ашықпыз және барлық тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда бірлескен жұмысқа шақырамыз» — деп атап өтті Департамент өкілі А.Қапалбаева.
«Аntikor ortalyǵy» фронт-офисіне сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат жүгіне алады. Азаматтарды қабылдауды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүргізеді. Сонымен қатар, мекемеге 1424 Call-орталығы арқылы да хабарласуға болады.
Жыл басынан Департаментке жеке және заңды тұлғалардан 405 өтініш келіп түсті, бүгінгі күні барлығы 24 жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Jsk ақпарат