• Пн. Окт 3rd, 2022

Шымкентте «ALAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ жүруде

Автор:admin

Май 24, 2022

Ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қазақ даласында мектеп ашу ісі зор ықылас, қажырлы еңбек, қайтпас жігермен, көп қиыншылықпен келді. Көшпелі халықтың тұрмысында тұрақты мектеп салу оңай емес еді. А. Аймағамбетов атап өткендей, мектептердің жұмысын жетілдіру аясында елімізде білім берудің жаңартылған мемлекеттік стандарты, мектепте тәрбиемен қамтуды ұлғайту, мектеп ғимараттарын қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету және ваучерлік қаржыландыруды енгізу қарастырылған кешенді жоспар әзірленді. Президенттің тапсырмасы аясында мектеп ғимараттарын  сумен, ыстық сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жоспарланған.   Орта білім беру жүйесінде биыл оқу жүктемесін азайту, үлгілік оқу бағдарламаларын жаңарту мәселелері қаралатын болады. Оқу бағдарламасында математика, информатика және тіл пәндері басым болады. Сонымен қатар министрдің айтуынша, Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу жұмыстары басталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «ALAN» халықаралық мектебінің құрылыс барысымен танысты. Заманауи стандарттарға сай келетін білім мекемесі осы жылдың қыркүйек айында іске қосылатын болады.  Қаратау ауданында орналасқан мектеп 840 оқушыға лайықталып салынған. Мұнда 1-11 сынып аралығындағы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім алады деп жоспарланған. Оқу ғимаратында 60 пән кабинетімен бірге ашық және жабық түрдегі спортзал, кітапхана және асхана қарастырылған. Оқушылардың ғылыми жұмыстарға бағыттау үшін ғылыми зертханалар жасақтау көзделген. Білім мекемесі толық күндік мектеп болғанымен ерекшеленеді. Оқушылар сағат 8:00-17: 00-ге дейін қауіпсіздігі қатаң бақылауға алынған смарт мектебінде қосымша біліммен қамтылатын болады.  Мектеп іске қосылғаннан кейін барлығы 168 адамды тұрақты жұмыспен қамту  жоспарланып, кадрлар халықаралық білім беру бағдарламасы негізінде іріктеліп, үш тілді жетік меңгеруі міндеттеледі. Одан бөлек, шетелден білікті мамандарды шақыру көзделіп отыр. Білім беру әдісі STEAM, PBL, TRIZ, CLIL және өзге де әлемнің озық бағдарламасына негізделген. Сонымен қатар, оқушылар спорт пен шығармашылық үйірмелері және сыныптан тыс ұйымдастырылатын іс-шараларға қатыса алады.  Айта кетсек, биыл қалада 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 11-і жеке инвестор есебінен салынуда. Нәтижесінде үшауысымды мектеп саны 9-дан 5-ке азаяды.

Jsk ақпарат