• 24 июня, 2024 5:09 пп

Шымкентте 5 өндірістік алаң жұмыс істейді!

Автор:admin

Июн 15, 2023

Қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын  5 өндірістік алаң жұмыс істейді, онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен, 358 млрд.теңгеге 337 инвестициялық жоба іске асырылуда.  Бүгінге қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Өндіріс алаңдарына қажеттіліктің артуына байланысты,  жаңадан 867 гектарды құрайтын 5 өндіріс аумақтарын құру жұмыстары жүргізілуде.  Бұл аумақтарда 400 млрд.теңгені құрайтын                                     284 инвестициялық жоба іске асырылады. Онда 12 мыңға жуық жұмыс орындары құрылатын болады. Жаңадан құрылатын аумақтардың екеуі қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту болса, үшеуі жаңадан құрылатын алаңдар. Оның ішінде жаңадан құрылатын «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады, 200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ.  Аталған аймақта инвестициялық құны 147 млрд. теңге құрайтын, 42 жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кеттік. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 7 млрд. теңге құрайтын, 400-ден аса жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде. Сонымен бірге, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту мақсатында, аумағы 132 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, 21 жобаға  23 млрд.теңге инвестиция тартылып, 1 800-ден астам жұмыс орны ашылатын болады. Одан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда-логистикалық орталығын кеңейте отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін өңірлік-Хаб құру жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру мерзімі  2023-2027 жылдар. Аталған аймақта 47 млрд. теңгеге 23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аумағы 119 гектарды құрайтын жаңадан «Стандарт» жеке индустриялық аймағы құрылуда. Бұл аймаққа 30 млрд. теңге инвестиция тартылып,  150 жобаны іске асыру арқылы, 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Биыл өңдеу өнеркәсібінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 14 жоба іске асырылып, 14 млрд.теңге инвестиция тартылатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin