• 27 июля, 2024 5:12 дп

Шымкентте 337 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр — Әйтенов

Автор:admin

Июн 15, 2023

Шымкентте 337 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр – Әйтенов. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді, деп жазады JSK.KZ тілшісі. Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы бес жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд теңгеден 937 млрд теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті, сонымен қатар қалаға 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 млрд теңгеден 613 млрд теңгеге жетті, — деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, биыл 5 айда инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артқан. Ендігі кезекте қаланың стратегиялық дамуына көп мән беруіміз қажет. Бірінші кезекте – қаланың бас жоспарын демографиялық өсім қарқынына байланысты қайта қарап, жаңадан әзірледік. Екіншіден, қаланың 5 жылдық даму жоспарын қайта қарап, бүгінгі күні алдымызда тұрған басым салаларды белгілеп алдық, — деді қала әкімі. Ол қаланың жалпы аумағы 869 гектарға жететін 5 өндірістік алаң жұмыс істейтінін, онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрылды. Сондай-ақ 358 млрд теңгеге 337 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты, — деді Айтенов. Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 млрд. теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған.Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 млрд.теңгені құрайтын  6 инвестициялық жоба 520 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Сонымен қатар, жалпы аумағы 749 га құрайтын 4 өндірістік алаңды құру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен.

Jsk ақпарат

Автор: admin