• Пн. Сен 26th, 2022

ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

Автор:admin

Фев 7, 2022

Шымкентте өнеркәсіп саласы бойынша 2021 жылы қарқынды жұмыстар атқарылды. Жаңадан 10 кәсіпорын іске қосылып, 5500-ден астам жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай, шаһарда жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары жоспарланған болатын.

Солардың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге 60 ірі заманауи кәсіпорын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 100 млрд теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталды. 10 кәсіпорын құрылысын бастайды.

Екінші «Стандарт» индустриалды аймағы. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланады деп жоспарланған. 118,8 гектар жер аймақта заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылмақ. Аймақта 180 млрд теңгені құрайтын 30 жоба іске асып, 4,5 мың адамды жұмыспен қамту көзделген.

Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.

Jsk ақпарат