• Пн. Окт 3rd, 2022

Шымкентте ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 25, 2022

Аз уақыттың ішін­де өз тиім­ділігін дәлелдеген Қоғам­дық ке­ңес жұмысы «Ұлт жоспары. 100 нақты қа­дамда»  нақты көрініс тапты. Кейін об­лыс­тық, рес­­­публикалық атқарушы органдар жанынан Қоғамдық кеңестер құрылып, ашықтық, жариялылық қағидаты негізінде жұмыс істей бас­тады. Елімізде 2015 жылғы 2 қарашада «Қо­ғамдық кеңестер туралы» Заң қа­­был­данды. Заңға сәйкес минис­тр­ліктер, Қазақстан Республика­сының Пре­зи­дентіне тікелей ба­ғынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мем­ле­кет­­тік басқару органдары, квази­мем­лекеттік сектор субъектілері құ­ра­тын кон­суль­тативтік-кеңесші, бай­­­­­қау­шы органдар Қоғамдық кеңес­тер болып табылады. Ақ­парат үшін мысал келтірер болсақ, қазіргі таңда рес­публикада 251 қоғамдық кеңес жұ­­мыс істейді екен. Оның ішінде рес­­публикалық деңгейде – 35, жер­гілікті дең­гейде – 216 қоғамдық кеңес бар. Ресми мәліметтер еліміздегі Қо­ғамдық кеңес­тер құрамында 3801 адам, ал рес­пуб­ликалық деңгейде 402 мү­ше және өңірлік деңгейде 3399 мүше бар екенін айғақтайды. Тағы да бір атап өте­тін жайт, 2021 жылдан бастап Қо­ғамдық кеңестер ква­зимемлекеттік сек­тордың 12 субъектісі жанынан да құ­рылды. Ел ішіндегі проблемаларды қозғап, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізетін ұйымдардың бірі – қоғамдық кеңес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты халыққа Жолдауында  «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асырып,  азаматтық қоғамды нығайтуға шақырған болатын. Әр жоба жүзеге асқан бастапқы уақытта кемшіліксіз болмайтыны, халықтың сынынан өтіп барып, өз жолын табатыны белгілі. Сол сияқты «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асқанмен аймақтық деңгейдегі органдардың халықпен тығыз жұмыс істемейтіні жасырын емес. Біз қозғап отырған қоғамдық кеңес те осы мәселені шешіп, «естуші мемлекет» тұжырымдамасына өзіндік үлесін қосуы тиіс. Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында басқарма басшыларының баяндамасы тыңдалып, бірқатар шешімдер қабылданды. Жалпы 8 мәселе қаралды.  Атап айтқанда, Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамту шаралары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, әлеуметтік сала бойынша мәселелер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы талқыға түсті.  Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров «2022 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің тізбесін және субсидиялау нормаларын, сондай-ақ, пестицидтердің, биоагенттердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемін бекіту мәселесін баяндады.  Жиында қаулы жобалары, жалпы қаралған мәселелер қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қолдауға ие болды.

 

Jsk ақпарат