• 15 октября, 2024 7:10 дп

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР САПАСЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТУІ ТИІС

Автор:admin

Июл 2, 2022

Егеменді еліміз жиырма жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді.

Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Бірінші, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс – деп көрсетілген.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осылай деген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бекітілген «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» сәтті орындалып келетінін айтты.

«Биыл қаламызда «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 24 мыңға жуық мұғалімнің еңбекақысы 25 пайызға, 17 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы

20 пайызға, денсаулық сақтау және спорт салаларында еңбекақы 25 пайызға өсті»,-деді қала әкімі.

Жалпы Шымкент қаласында 2022 жылдың І тоқсанында орташа жалақы 23,3 пайызға өсіп, 216867 теңгені құрады.

Jsk ақпарат

Автор: admin