• 23 июня, 2024 8:37 пп

Шымкентте экономикалық бағыттарға басым мемлекеттік бағдарламалар тиімді жү.зеге асырылып жатыр!

Автор:admin

Апр 6, 2023

Мәліметтерге сүйенсек, осы кезеңде қалада 70.3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8.2 пайызға жоғары. Биыл экономиканың осы саласы бойынша Шымкент қаласында 9 жоба жүзеге асырылып, оған жалпы соммасы 9 миллиард теңге инвестиция құйылады деп жоспарланған. Бұл өз кезегінде 285 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың қаңтар айында Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6.9 пайызға ұлғайып, 3.1 миллиард теңгеге жетті. Есепті мерзімде қаладағы құрылыс жұмыстарының жиынтық көлемі 1.7 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде 37.8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар қаңтар айында негізгі капиталға 23.5 миллиард теңге тікелей инвестиция бағытталған. 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда нақты көлем индексі 118.6 пайызды құрап отыр. «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттікбағдарламасы Шымкентте жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдық-тарына сəйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының «Экономиканы əртараптандыруды жеделдету» деген түйінді бағытын іске асыру үшін, Қазақстанның əлемнің дамыған 30 ел қатарына кіру жөніндегі тұжырымдамасын, «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты мақсатты іске асыру шеңберінде əзірленген. Бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі арналған мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып табылады. Бағдарлама Қазақстанның өнеркəсіптік саясатының бір бөлігі болып табылады əрі күш-жігер мен ресурстарды секторлардың шектеулі аясына, өңірлік мамандануға шоғырландыра отырып, кластерлік тəсілді қолдану арқылы өңдеуші өнеркəсіпті дамытуға жəне тиімді салалық реттеуге бағытталған. Бағдарламаның негізгі мақсаты өңдеуші өнеркəсіпті əртараптандыруды жəне оның бəсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленген: 1) өңдеуші өнеркəсіпті озыңқы дамыту; 2) басым секторларда тиімділікті арттыру жəне қосылған құнды ұлғайту; 3) шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту; 4) өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту; 5) өңдеуші өнеркəсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру жəне инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау; 6) өңдеуші өнеркəсіптегі кəсіпкерлікті ынталандырып, шағын жəне орта бизнесті дамыту. Шымкентте мына экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу: 1) өңдеуші өнеркəсіп өндірген өнім көлемін нақты мəнде 43 %-ға ұлғайту; 2) өңдеуші өнеркəсіпте жалпы қосылған құнды нақты мəнде кемінде 1,4 есе ұлғайту; 3) өңдеуші өнеркəсіпте еңбек өнімділігін нақты мəнде 1,4 есе ұлғайту; 4) шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту; 5) өңдеуші өнеркəсіптің энергия сыйымдылығын 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15 %-ға азайту;өңдеуші өнеркəсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту көзделген. Инновациялық секторлар тұжырымдамалық жəне бағдарламалық құжаттарда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын есепке ала отырып көрсетілген басымдықтарға сəйкес айқындалған. Бұл секторларға келесілер жатады: мультимедиалық технологиялар, нано- жəне ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу жəне ашу салалары.

Jsk ақпарат

Автор: admin