• 24 июня, 2024 4:02 пп

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛҒАН «ШЫМКАЙ» ЖИҺАЗДАРЫ

Автор:admin

Ноя 30, 2022

Үшінші мегаполистегі «Тассай» индустриалды аймағында орын тепкен «Шымкай» ЖШС 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Аумағы 2 гектар жерді алып жатқан жиһаз шығару зауытына тартылған инвестицияның жалпы сомасы 750 млн теңгені құрайды.
«Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба бүгінде Шымкент қаласындағы жиһаз өндіретін ең ірі зауыттардың бірі саналады. Өндірістік қуаттылығы жылына 54 мың жиһазды құрайды. Дайын инфрақұрылымы бар аймақта орналасқан фабрика арнайы құрылғылар мен жабдықталған және мамандар жиһаз шығару үшін заманауи жоғары технологиялық материалдарды да, дәстүрлі технологияларды да пайдаланады.
Мұндағы сапалы жиһаздардың ерекшелігі – бағасы қолжетімді, дизайны – еуропалық үлгіде. Түрлі биіктіктегі шкафтар, жылжымалы және бүйірлік шкафтар, үйге, коммерциялық нысанға, конференц-залға қажет жиһаздар мен жұмсақ жиһаздар да бар. Бүгінде компанияда 30 қызметкер жұмыс істеп келеді.
«Шымкент келбеті»

Автор: admin