• 24 ноября, 2025 11:52 дп

Шымкентте тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді

Автор:admin

Ноя 13, 2025

Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда есірткіге тәуелді 110 мың адам есепте тұр. Содан да болар, есірткімен күреске елімізде ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есіркінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіретінін атап өткен болатын. Сонымен қоса, Президент қоғамды алаңдатып отырған синтетикалық есірткі мәселесіне тоқталып өтті. Осы ретте есірткімен күрес жұмыстары Шымкент қаласында белсенді атқарылуда. Осы мәселе ел басшылығының назарынан тыс қалған жоқ. Президентіміз өз сөзінде: «Мен синтетикалық есірткі мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Өкінішке қарай, адам психикасына әсер ететін заттар тез таралып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Қазақстанда есірткіге тәуелді 110 мың адам есепте тұр. Оның ішінде балалар да бар. Бұл – біз білетін мәлімет қана. Осы ретте Ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы күресті тиімді жүргізуін талап етемін. Біз бүкіл қоғам болып бұл кеселге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз», – деді Мемлекет басшысы. «Қазақстанның есірткі, соның ішінде синтетикалық есірткіге қарсы күрес салдарын БҰҰ тиісінше жоғары бағалап отырады. Біздің елімізде есірткі заттарының пайда болуына қатысты белсенді жұмыс істеу жағы сауатты жолға қойылған», – дейді сала мамандары. Осы орайда Шымкентте тұрғыннан аса ірі көлемде есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігі. Полиция «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар аясында Шымкент қаласының аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру барысында ер адамнан ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес заты бар скотчпен оралған төрт полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 2 келіге жуық психотроптық зат екені анықталды. Белгілі болғандай, күдікті қылмыстық әрекетін және қозғалыс бағытын жасыру мақсатында қалааралық қоғамдық көлікті пайдаланған. Аталған жайт бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Есірткі бұл өз өміріңе жіне қоғамға қаіп төндіреді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin