• 3 декабря, 2024 2:16 пп

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Июл 3, 2021

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Г.Дулатова және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Маңызды шарада қатысушылардың назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылықтарға, аталған саладағы жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне аударылды.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталғандығы айтылып, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралы ретінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу маңыздылығы жеткізілді.
Парасаттылық – адам бойындағы ізгі қасиет екенін алға тартқан ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі, ұжымдағы адалдық, әділдікке көп көңіл бөлуге шақырды.
Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесулер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының қызметкерлерімен де өтті.

JSK ақпарат

Автор: admin