• 15 марта, 2026 9:32 дп

ШЫМКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Бүгін Шымкент қаласындағы Сайрам көшесінің ішкі бөлігінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында аталған аумаққа төрт шатыр орнатылып, сауда орындары реттеліп орналастырылды.

Жәрмеңкеге Шымкент қаласының жергілікті тауар өндірушілері мен сатушылары қатысып отыр. Жалпы алғанда мұнда 20–25 сауда орны жұмыс істеп, тұрғындарға әртүрлі азық-түлік өнімдерін ұсынуда.

Сауда сөрелеріне жеміс-жидектер мен көкөністер, сүт және ет өнімдері, кептірілген жемістер, балық өнімдері, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шығарылған. Жәрмеңке қала тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді бағамен азық-түлік сатып алуына мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар сатылымға ұсынылған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Барлық тауарлардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі арнайы мамандардың бақылауында.

Айта кету керек, осындай жәрмеңкелер қаланың басқа да бірқатар аумақтарында ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №359, №134, №267, №353, №354, №25, №156–160, №232, №361 және №155 референдум учаскелерінің маңында да сауда алаңдары ашылып, тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылуда.

Бұл шаралар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, жергілікті өндірушілердің өнімдерін кеңінен таныстыруға және шағын кәсіпкерліктің дамуына да оң

Автор: admin