• 24 ноября, 2025 10:08 дп

Шымкентте полицейлер жас сақшыларға экскурсия ұйымдастырды

Автор:admin

Ноя 17, 2025

Учаскелік полиция инспекторы (полиция инспекторы) мамандығы мәртебесінің маңызды индикаторларының бірі оның беделі, яғни қоғамдық пікірде де, сондай-ақ полиция қызметкерлері үшін де осы мамандықтың басымдылығын бағалау  басты мәселе болып табылады. Қазіргі заман жағдайында учаскелік полиция инспекторының беделін арттыру мемлекеттік ауқымдағы міндетке айналып отыр,  ал  оны жүзеге асыру, ең алдымен, аумақтық органдарға да, тұтастай мемлекетке де қатысты. Бұл жағдайда аймақтық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық институттар ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты, бірқатар дереккөздерді, республикамыздың  жекелеген өңірлері қызметінің тәжірибесін зерделеу негізінде осы бағытта учаскелік полиция инспекторы қызметінің беделіне кері әсер ететін себептерді жинақтап, керісінше, оны арттыруға бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар шараларды ұсынуға әрекет жасалуда. Енгізілген ұсыныстарға қатысты  УПИ қызметінің беделіне едәуір әсер ететін бағалау жүйесінің моральдық және материалдық негіздерін  қамтамасыз ету қажет. Учаскелік полиция инспекторларының бос лауазымдарына үміткерлерді іріктеу кезінде ішкі істер органдарының кадр бөліністерінің жұмысына да ерекше назар аударылуда. Осы орайда болашақ полиция өкілдерін, олардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінде «Жас сақшы» сыныптарының оқушыларына арналған экскурсия өтті. Болашақ тәртіп сақшылары полиция мұражайына барып, ішкі істер органдарының құрылу және даму тарихымен танысты. Полицейлер қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестері туралы айтып, полиция тарихына байланысты түрлі кезеңдердегі құнды экспонаттарды көрсетті. Экскурсия барысында оқушылар департаменттің Жедел басқару орталығында да болды. Онда балаларға бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық қауіпсіздікті тәулік бойы бақылау қалай жүзеге асырылатыны көрсетілді. Сондай-ақ, полицейлердің қала көшелеріндегі жағдайды бақылап, камералар арқылы құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ететіні түсіндірілді. Ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin