• 24 июня, 2024 4:05 пп

Шымкент қаласында орташа жалақы мөлшері 122,8 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Jsk.kz тілшісі. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев мәлімдеді. «Қазіргі таңда Шымкентте 275 мың жалдамалы жұмыскерлер бар. Олар белсенді кәсіпорындарда қызмет етеді. Орташа жалақы мөлшері 122,8 мың теңгені құрап, ол орташа республикалық жалақы мөлшерінен 30,2 пайызға төмен» ,- дейді Ержан Жұматұлы. 2023 жылдың I тоқсанындағы орташа айлық жалақы 340 636 теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 19,3%-ға артты, деп хабарлайды «Атамекен» аналитика қызметі. «Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша «Қаржы және сақтандыру қызметі» саласы экономикалық қызмет түрлері бойынша 602 114 теңге көрсеткішпен лидер атанды», – деп жазады сарапшылар. Қаржылық сауаттылық — әр адамға қажет дағды. Себебі кез келген жан өмір бойы жұмыс істей алмайды. Уақыт өте келе адам қартаяды, зейнетке шығады, оның басқа да қажеттіліктері пайда болады. Сондай кезеңдерде бір айлықтан екінші айлыққа дейін жұмыс істеу адамды физикалық жағынан да, психикалық жағынан да тоздырады. Мұның алдын алдып, болашақта жұмсалатын қаражатты қазірден бастап есептей білген жөн. Бүгінде көптеген адамдар алған айлығын күнделікті қажеттіліне жұмсап тастаумен ғана шектелуде. Ал келер шақта қандай жағдайға кезігетінін, қандай қиындықтарға тап болатынын ойлайтындар өте аз… Қаржылық сауаттылықтың мәні осында. Ай сайын табатын жалақының қалай жұмсалуын, қайда кететінін әр тиынына дейін жоспарлап, болашаққа ақша жинау керек. Әрине, құрдастарыңыз бен достарыңыз телефонның соңғы маркасын алғанда қызығатын шығарсыз. Алайда бұл өткінші сезім өзіңізге ұзақ мерзімді пайда әкелетінініне күмәнданмен қараймын. Ешнәрседен өзіңізді шектемей, қаражат жағын уайымдамай өмір сүру үшін ақшаны сауатты түрде жұмсаған абзал.Кейінгі 9 жылдағы динамикада орташа айлық жалақы бойынша ең үлкен өсім мына салаларда байқалады:

— әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (+270%);

— құрылыс (+265%);

— білім (+253%);

— ақпарат және байланыс (+223%);

— орналастыру және тамақтану бойынша қызмет көрсету (+218%).

Jsk ақпарат

Автор: admin