• Вс. Сен 27th, 2026

Шымкентте мемлекеттік органдар әскериқызметшілердің отбасы мүшелерімен құқықтықкездесу өткізді

Автор:jsk.kz

Июн 19, 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының6506 әскери бөлімінде Шымкент гарнизоныныңәскери прокуратурасы ұйымдастырған «Заң жәнетәртіп» акциясы аясында кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Кездесуге бірден бірнеше негізгі мемлекеттікқұрылымдардың өкілдері шақырылды. Олар әскери-тергеу басқармасы, әскери полиция қызметі,Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО),наркологиялық диспансер, психологиялық көмекорталығы, жергілікті полиция қызметі, Отбасы банкіжәне Халық банкі өкілдері. Іс-шараның мақсаты —әскери қызметшілерге және олардың отбасымүшелеріне түрлі әлеуметтік маңызды мәселелербойынша түсіндірме жұмысын жүргізу.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, ондаәркім қызығушылық тудыратын тақырыптарбойынша құзыретті кеңес ала алды.

— Біз заң нормаларын айту үшін ғана емес, тыңдау, түсіну және мүмкіндігінше көмектесу үшінкелдік, — деп атап өтті Шымкент гарнизоныныңәскери прокуроры әділет полковнигі ҒалымжанМаханбетов.

Кездесу тақырыптары тұрғын үй және несие алумәселелерінен бастап, заңды жауапкершілікке, құқықбұзушылықтың алдын алуға дейін кең ауқымдықамтыды. Әскери қызметшілердің мемлекеттікоргандармен өзара іс-қимылы және олардың заңдымүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше назараударылды.

Әскери қызметшілер ұйымдастырушыларғаалғыстарын білдіріп, осындай кездесулердіңмаңыздылығын атап өтті: — Біз әрқашан тез және дәлжауап таба алмайтын өмірлік сұрақтарға жиі тапболамыз. Бүгін біз бірінші ауыздан түсініктемеалдық, — деп бөлісті кездесуге қатысушылардың бірі,ефрейтор Бақдәулет Сабралиев.

Бөлім басшылығы алдағы уақытта да осындайбастамаларға жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді,өйткені әскери қызметшілердің құқықтықсауаттылығы — құқықтық тәртіптің жәнемемлекетке деген сенімнің негізі.

«Заң және тәртіп» акциясы әскери ұжымдардыкөбірек қамти отырып, қарқын алуда.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңүстік» ӨңҚбаспасөз қызметі

Автор: jsk.kz