• 24 июня, 2024 5:17 пп

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТІНДЕ!

Автор:admin

Ноя 7, 2022

Денсаулық сақтау саласын іске асыру барысында денсаулық сақтау саласында нарықтық механизмдер элементтері енгізіліп, заманауи медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және дамытуға, денсаулық сақтау саласындағы мәселелі проблемаларды жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталған, сондай-ақ ол саланы 2025 жылға дейінгі жоспарлы дамытудың негізіне айналды. Бағдарламаны іске асыру тұрғындарды жаппай қамту, әлеуметтік әділдік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының саясаты стратегияларының негізгі қағидаттарына сәйкес сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларын сақтаумен әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығына және жүйелі дамуына ықпал етті. Осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында денсаулық сақтау саласында қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және еліміздің медицина саласында МӘМС-тің енгізілуі нені өзгерте алады. — Ядролық медицина орталығының ашылуы — оңтүстік өңірдің ғана емес, еліміздің медицинаны дамытуға жасаған үлкен қадамы.  Әрине, халықтың аман-сау болғанын тілейміз. Өмірде түрлі жағдай болады. Орталықтағы заманауи құрылғылар қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, оны өзге органдарды зақымдамай, ауыртпай емдеуге арналған. Бұл еліміздің өмір сүру жасын ұзартуға да септігін тигізетіні сөзсіз.  Жобаға жалпы құны 6,5 млрд теңге қаржы жұмсалды. Біз ары қарай да орталықты дамытып, оңтүстіктегі ядролық медицинаның хабына айналдыруды көздеп отырмыз, — деді Бақыт Сапаров.

Орталықтың радиологы О.Ақжолдың айтуынша, ядролық орталықтағы диагностика белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады екен.

— Әуелі, науқас дәрігерден жолдама алып, ядролық медицина орталығының қабылдауына жазылады. Одан кейін қабылдаудан 36 сағат бұрын  арнайы диеталық режимді сақтай отырып, зерттеуге дайындалады. Орталыққа келіп, радиофармпрепаратты қабылдаған соң 50 минуттай дәрігердің бақылауында болып, ПЭТ/КТ аппаратына кіреді. Радиолог науқасты 20 минуттай аппаратқа түсіріп,  деректерді өңдейді. Ал, дәрігер 2 тәуліктен соң ұйғарым шығарады, -дейді ол.

Айта кетейік, орталықта медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін және қолжетімді зерттеулер жүргізілмек. Сондай-ақ, мамандар ерте анықталған қатерлі ісікке дер кезінде ем-дом жасаса, дерттен айығу мүмкіндігінің молая түсетінін алға тартып отыр. Яғни, орталықтағы құрылғының бірі дертті ерте анықтауға, екіншісі науқастың өзге ағзасына зиянын тигізбей, қатерлі ісікті сәуле арқылы емдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл еліміздегі өлім-жітімді азайтып, халықтың өмір сүру жасының ұлғаюына да септігін тигізбек.

Jsk ақпарат

Автор: admin