• Пн. Сен 26th, 2022

Шымкентте көкөніс базасы құлады

Автор:admin

Янв 22, 2022

ТЖ бойынша 2022 жылғы 22 қаңтарда сағат 12-25-те «112» құтқару қызметінің басқару пультіне немқұрайлы емес жолаушыдан бұрынғы көкөніс базасының аумағында құлау туралы ақпарат келіп түсті.
Оқиға орнына Еңбекші ауданы Сасбукаев көшесі мекенжайы бойынша құрамында 6 құтқарушы және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері бар жедел-құтқару бөлімшесі шықты. Келген құтқарушылар бұрынғы «көкөніс базасының» аумағында «Кулиев» ЖК тиесілі сауда үйінің құрылысы кезінде 400 шаршы метр алаңда беттон плиталарынан төбе жабынының құлауы орын алғанын анықтады. Ол бетон плиталарының астында қалды. Оның денесін үйінді астынан Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты. Оқиға орнында ТЖД екі қызметкері, 6 қызметкер 1 бірлік техника, ЖҚБ 1 кинологиялық есебі, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмыс істеді.

Jsk ақпарат