Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізуде. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді. Осы мақсатта Шымкент қаласының прокуратурасыда жұйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Әл-Фараби ауданы прокурорының төрағалығында кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы мен олардың құқықтарының сақталуы және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уәкілетті органдармен атқарылған жұмыстардың тиімділігін қарау бойынша мекемеаралық мәжіліс өткізілді. Мәжілісте уәкілетті органдар аталған бағыттағы атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Сондай-ақ аудан прокурорымен орын алған кемшіліктер бойынша қатаң нұсқалып, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша тапсырмалар берілді. Жалпы елде өткен аптада балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 800-ден астам жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның нәтижесі бойынша балалардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 2,5 мыңға жуық ата-ана (ӘҚБтК-нің 442-бабы) және мекемелердің 27 иесі (ӘҚБтК -нің 132-бабы) жауапкершілікке тартылды. 302 ата-ана балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін, сондай-ақ 57 ата-ана кәмелетке толмағандардың алкоголь ішкені үшін жауапқа тартылды. 55 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айппұл төледі. Түнгі уақытта көшеде ұсталған 92 жасөспірім бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияларда 96 материал қаралды. 16 ата-ана құқықтарынан айырылды және шектелді. 7 жасөспірім девиант мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерге жіберілді.
Jsk ақпараттық агенттігі
