• 23.06.2026 19:31

ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:jsk.kz

Июн 22, 2026

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Осы орайда қала жастары мен Полиция департаментінің қызметкерлері Рахима Plaza сауда орталығында және Шаяхметов көшесі бойында тұрғындармен кездесіп, интернет-алаяқтықтың, киберқылмыстардың және дропперлік әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет алаяқтарының жиі қолданатын тәсілдері, жеке деректер мен банк карталарын қорғау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар дропперлік әрекеттерге қатысудың құқықтық салдары туралы ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың саны артып отырғандықтан, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын көтеру маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Мамандар күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, белгісіз сілтемелерге өтпеуге және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін арттыруға, олардың алаяқтық әрекеттерден сақтануына және жауапкершілік деңгейін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Аталған жұмыстар жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

 

****

 

В ШЫМКЕНТЕ ПРОДОЛЖАЮТСЯ РАЗЪЯСНИТЕЛЬНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ ПО ПРОФИЛАКТИКЕ КИБЕРПРЕСТУПНОСТИ

 

В городе Шымкент в рамках принципа Главы государства «Закон и порядок» проводятся профилактические мероприятия, направленные на формирование правовой культуры среди молодежи и повышение безопасности в интернет-пространстве.

В этой связи молодежь города совместно с сотрудниками Департамента полиции провела разъяснительную работу с жителями в торговом центре Rahima Plaza и по улице Шаяхметова по вопросам профилактики интернет-мошенничества, киберпреступности и дропперства.

В ходе встречи гражданам рассказали о наиболее распространенных схемах интернет-мошенников, способах защиты персональных данных и банковских карт. Также была разъяснена правовая ответственность за участие в дропперских схемах, распространены информационные памятки.

В настоящее время количество преступлений, совершаемых с использованием цифровых технологий, продолжает расти, поэтому особое внимание уделяется повышению цифровой грамотности населения. Специалисты рекомендовали гражданам проявлять бдительность при получении подозрительных звонков и сообщений, а также не передавать личные данные третьим лицам.

Подобные мероприятия способствуют повышению правовой культуры молодежи, формированию ответственного поведения в сети Интернет и предупреждению различных видов мошенничества. Кроме того, они помогают укреплять доверие граждан к правоохранительным органам и повышать уровень общественной безопасности.

Проводимая работа направлена на профилактику правонарушений среди молодежи, повышение правовой грамотности населения и укрепление принципов закона и порядка в обществе.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz