• 24 ноября, 2025 6:57 дп

Шымкентте “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТАҚЫРЫБЫНДА АБАЙ ауданы жастарымен КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 21, 2025

Шымкент қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы «Заң мен тәртіп» қағидаты және жастар арасында лудомания мен қаржылық алаяқтықтың алдын алуға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Дропперлер: алаяқтық схемаларға қалай қатыспау керек» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізді. Жиын М. Әуезов атындағы ОҚУ-ның колледжінде “Заң мен тәртіп” тақырыбында болды.   Кездесуге Абай ауданы прокуратурасының прокуроры Асқар Әбдірасымұлы Сатыбалды, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Жасұлан Ерланұлы Құттыбек және Тұран ауданы Полициясының майоры Минур Саятович Саятов қатысты.   Іс-шара барысында жастарға құқықтық сауаттылық, заңға бағынушылық және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы жауапкершілік маңыздылығы көрсетілді. Кездесудің басты мақсаты – жастардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар оларды банктік карталар мен шоттарды заңсыз пайдалануға тартудың алдын алу. Спикер студенттерге қазіргі интернет-алаяқтық түрлері мен азаматтарды қаржылық схемаларға тарту тәсілдері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, мұндай қауіптерден қорғану жолдарын атап өтті. Әсіресе «дроппер» ұғымына ерекше тоқталды. Азаматтардың өз банк деректерін басқа адамдарға беруі немесе олардың өтінішімен заңсыз әрекеттерге қатысуы қандай ауыр салдарға әкелетінін нақты мысалдармен түсіндірді. Кездесу барысында студенттер сұрақ қойып, пікір алмасып, қаржылық қауіпсіздік туралы пайдалы кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және алаяқтықтың алдын алуға ықпал етеді. Елімізде құмар ойындар мен бәс тігуге қарсы шараларға 80 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған Қазақстан Республикасындағы заңсыз ойын және ойынға тәуелділікпен күресудің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылған болатын. «Осыған байланысты Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 80 931 200,0 теңге қаржы шығыстарын бөлу көзделеді», делінген құжатта. Кешенді жоспарды жүзеге асыру нәтижесі құмар ойындарға тұрақты қатысатын адам санын төмендету, бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын ұлғайтуды көздейді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin