• 20 мая, 2025 6:17 пп

Шымкентте жыл басынан бері 11 690 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

Автор:admin

Май 20, 2025

Шымкент қаласында 2025 жылы барлығы 49 567 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 мамырына дейін бұл көрсеткіштің 23,5 пайызы, яғни 11 690 адам нақты қамтылды.

Жоспардың негізгі бағыттарына тоқталсақ:
🔷27 755 адам жұмыспен қамту шараларына қатысуы тиіс;
🔷Ал 21 758 адамды жұмысқа орналастыру қалалық даму бағдарламалары, концепциялар және жеке бастамалар аясында іске аспақ.

2025 жылы 3006 адамға кәсіпкерлікті қолдау көрсету үшін платформада оқу ұйымдастырылжы. Сонымен қатар, 6045 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау, 15 272 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру және 3598 адамды кәсіптік оқытуға бағыттау көзделіп отыр. Бұл бағытта жыл басынан бері 11690 адам қамтылып, жоспардың 41,9 пайызы орындалды.

Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 21 758 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланған (оның ішінде 21 370 – тұрақты, 388 – уақытша). Өткен жылы бұл көрсеткіш 26 482 орын болған. Биылғы жұмыс орындарының 2 610-ы қалалық концепциялар арқылы, ал 19 202-сі жеке бастамалар негізінде құрылмақ.

Атап өту керек, жеке бастамалар аясында 1 301 адам жұмысқа орналасып, бұл бағытта жоспар 6,5 пайызға орындалған. Жұмыс орындары жекеменшік балабақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріханалар мен қоғамдық тамақтану орындары арқылы құрылып отыр.

Автор: admin